Ақмола облысында жолдарын су шайып кеткен ауылдармен қатынасты қалпына келтіру үшін паром орнатылды. Осыдан бес күн бұрын Есіл өзені арнасынан асып, Жақсы ауданындағы «Қима-Терісаққан» автомобиль жолындағы көпірді су шайып кеткен. Салдарынан бес елдімекен қарым-қатынассыз қалды. Қазір мамандар Қорғаныс министрлігі жіберген паром өткелінің орнатылатын жерін зерттеп, оны қою жолдарын қарастырып жатыр.
Ұмсындық Наурызбаева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысында жолдарын су шайып кеткен ауылдармен қатынасты қалпына келтіру үшін паром орнатылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/192560/)