«Жайықтың» жағдайына қайта оралсақ. Кешелі бері судың деңгейі 19 сантиметрге көтіріліпті. Тасқын су бірінші келетін Январцев ауылының тұсындағы «Жайық» 8 метр 88 сантиметрге жетті. Ал Бөрілі ауданында жағдай күрделі. Ондағы су деңгейі 10 метрге дейін көтерілді. Бұл - 60 мыңға жуық халқы бар аудан үшін қауіпті, сондықтан онда күн-түні тасқынмен күрес жұмыстары жүріп жатыр. Айта кетейін, облыс бойынша 23 тасжолды су шайды. Салдарынан 9 елдімекенге көлік қатынасы жоқ.
Нұржан Төлеуіш, БҚО ТЖД ресми өкілі:
Қазір аудан әкімдігі Төтенше жағдайлар бөлімінің басшылығымен жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Былай су деңгейі асып кетті. Эвакуациялық және құлықтандыру жұмыстары да жүріп жатыр. Қауіпті деңгейде тұр.
Нұрсұлтан Тілектес
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жайықтың Бөрлі ауданындағы деңгейі 10 метрге жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/192590/)