Көкшетау қаласында су тасқыны кезінде дүние-мүлкі бүлінген 150 адам өтемақы алуға өтініш берген. Оның 104-інің құжаты бағалаушы мекемеге жіберіліп, 36 тұрғынның шығыны анықталды. Оларға жалпы 12 миллион теңгеден астам қаражат төленеді. Сондай-ақ, қазір тасқыннан зардап шеккен қала тұрғындарына 100 айлық есептік көрсеткіш шамасында бір реттік әлеуметтік төлем берілуде. Бұл көмекті 174 отбасы алып үлгерді. Шығын көлемін анықтау, бағалау жұмыстары әлі де жалғасады
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Көкшетауда дүние-мүлкі бүлінген 36 адамға өтемақы төленді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/192630/)