Ресейдің Орынборынан шыққан нөпір су Батыс Қазақстан облысына сәуірдің 22-сі, яғни бүгін, ал Атырауға 28-і ойысады деген болжам бар. Соңғы мәліметке сай,
Орал қаласындағы Жайық өзенінің деңгейі 8 метр 62 сантиметр болды. Қауіпті деңгей 850 сантиметр. Нөпір су алдымен Орынборға шекаралас жатқан Бәйтерек ауданындағы Январцево ауылына бірінші болып жетеді. Елдімекендегі Жайықтың деңгейі күн сайын 30 см-ге көтеріліп жатыр.
Қаракөз Тұрмағанбет
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Орал қаласындағы Жайық өзенінің деңгейі 8 метрден асты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/192685/)