Орал қаласының іргесіндегі саяжайларда 13 мыңнан астам үйге су кірген. Жайық пен Шаған өзендерінің жайылмасында орналасқан барлығы 116 бау-бақша серіктестігін су басты. Ол аумақтарда адам тұрып жатқан 10 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Қазір қала ішінде су басу қаупі бар 24 аумақ белгіленіп, бақылауға алынды. Биіктігі 2,5-4 метр бөгет соғылып, күзет қойылды. Бұл іске облыс халқынан құралған 7 мыңға жуық ерікті мен әскери құрылымдардың 4 мыңға жуық жеке құрамы жұмылдырылды.
Ардақ Мұратқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Орал қаласының іргесіндегі саяжайларда 13 мыңнан астам үйге су кірген&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/192709/)