Ресейдің Омбы облысында тұратын қазақтар су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жөнелтуде. Осы күнге дейін барлығы гуманитарлық көмек тиелген 22 көлік, яғни 55 тонна жүк жіберілген. Қандастарымыз арнайы есеп-шот ашып, қаржыны тасқынаннан зардап шеккендердің қажеттіліктеріне жаратпақ.
Темірболат Әубәкіров, Омск қаласының тұрғыны:
Қазақстандағы көктемгі су тасқыны туралы ақпарат жүрегімізді қайыстырды. Сондықтан гуманитарлық көмек жинаймыз деп шештік. Азық-түлік, киім-кешек, ауыз су жеткіземіз.
Индира Бегайдар
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Омбы облысында тұратын қазақтар гуманитарлық көмек жөнелтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/192780/)