«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Қарағанды облысында қарқынды жалғасуда. Бүгінде «Жасыл аймақ» апталығы аясында кеншілер қаласында 500-ге жуық ағаш егіліп, 200-ден астам тұрғындардың қатысуымен бұлақ көздері ашылды. 7 күндік науқанда әлі бір талай жұмыстар атқарылмақ. Жалпы аймақ бойынша 90 мыңнан астам көшет егіледі. 100-ге жуық мектеп оқушылары құстарға ұя жасап, саябаққа апарып ілді.
Бекжан Сәулебек, оқушы:
Құстар біздің достарымыз. Оларды қорғау біздің мақсатымыз. Мен бұл ұяны ұстазыммен бірге, ағаштарды кесіп жасадым.
Жандос Бақытұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Қарағанды облысында жалғасын тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/192784/)