Елімізде кітапқұмарлардың қатары көбейіп келеді. Ұлттық академиялық кітапхана мамандарының ақпаратынша, көпшілік кітапханаларда оқырмандар саны 2022 жылы 4 миллион 900 мыңнан асса 2023 жылы тағы 200 мыңға көбейген. Өсім 2,7 процентті құрап отыр. Оқырмандардың 1 миллион 680 мыңы бала. Статистика бойынша кітапханаға келушілердің қатары 2 миллионға артқан. Сондай-ақ, елімізде кітапхана саны көбейіп жатыр. 2022 жылы – 3917 болса, былтыр 4 мыңға таяған. Жалпы кітап қоры – 73 миллионға жуық. Еліміздегі кітапханаларда 9502 адам жұмыс істейді. Кітапханашылардың орташа жалақысы – 164 мың теңге. Ең жоғарғы жалақы – 269 мың теңге.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде кітапханадағы оқырмандар саны көбейген&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/192792/)