Қырғызстанның бірнеше аймағында сел жүріп жатыр. Кейбір ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Ош облысында төтенше жағдай жарияланды. Өңірдің бірнеше ауданында нөсер жауын салдарынан 100-ге жуық үйді су басқан. Ал бір ауылда селге қарсы бөгетті су бұзып кеткен. «Курсив» порталының хабарлауынша, елдегі тас жолдардың бірінде көлікпен келе жатқан бір отбасы қаза тапқан. Жалал-Абад, Баткен облыстарында да сел жүру қаупі күшейген. Жергілікті синоптиктердің айтуынша, апта бойы жаңбыр жаумақ.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қырғызстанның Ош облысында төтенше жағдай жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/192802/)