Балқаш ауданында кешелі бері жанып жатқан қамыс пен шөп өртін сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Кеше түсте басталған қызыл жалын 8-10 гектарға тараған. Оны сөндіруге өрт сөндірушілер мен орманшылар, 10-нан астам техника жұмылдырылды. «Қазавиақұтқару» тікұшағымен өрт ошақтарына әуеден 65 рет, 195 тонна су төгілді. Мамандар өрт ошағына жақын маңда орналасқан елді мекендерге қауіп жоқ екенін айтып отыр.
Әйгерім Ердаулет
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Балқаш ауданындағы өрттен елдімекендерге қауіп жоқ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/192817/)