Қытайдың су тасқыны жайлаған Гуандун провинциясында тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру әлі жалғасып жатыр. Іздеу-құтқару жұмыстарына қайықтар мен тікұшақтар тартылған. Су апатынан мұнда 4 адам қаза тауып, 11 тұрғын жоғалып кеткен. Ел экономикасына 19 млн доллар шығын келді. Аймақта жауын әлі тоқтаған жоқ. Ауа-райы болжамына қарағанда, жаңбыр мұнда сәуірдің соңына дейін жалғасады.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қытайдағы су тасқыны: Құтқару жұмыстары жүріп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/192831/)