Қарағандыда өртенген орман орнына 90 мың қарағай мен үйеңкі егілді. Көшеттердің барлығы жергілікті тұқым бақта өсірілген. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткізілген шараға 100-ге жуық орманшы, мемлекеттік қызметкерлер және еріктілер қатысты. Осыдан екі жыл бұрын өңірде 70 гектар орманды алқап жанып кеткен болатын. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.
Жандос Бақытұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағандыда өртенген орман алқабына 90 мың көшет егілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/192835/)