Қымбатты көрермен, эфир әрі қарай Жайық жағасынан жалғасады. Тізгінді әріптесім Дархан Рақымжан алады. Дархан, қайырлы кеш! Көшпелі студия бүгін қай жерде жасақталды?
Көшпелі студия бүгін Орал қаласындағы мәдени-демалыс саябағынан хабар таратады. Көпшілік серуендеген көрікті мекен, қызыл судың астында қалды. 31 наурыздан бері саябақ келушілер үшін жабық. Қалалық саябақтың жалпы аумағы - 24 гектар. Соның 99 пайызына - су жайылған. Былтыр ғана егілген емен, шырша, аққайың ағаштары өліп қалыпты. Толық шығын, судың беті қайтқасын белгілі болады, дейді мамандар. Дегенмен кешелі бері бұл маңнан ағып өтетін Шаған өзеніндегі судың деңгейі 1 см түсті.
Дархан Рахымжан
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оралда Шаған өзеніндегі судың деңгейі 1 см түсті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/192855/)