Алматы облысында судья мен сот приставы жемқорлық үшін сотталды. Екеуі де Талғар аудандық сотында жұмыс істеген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қылмыс агенттігінің хабарлауынша, судьяның пара алуына пристав делдал болған. Екеуі жас балаға қатысты зорлық-зомбылық жасаған адамның медициналық тексеруден өту шарттарына өзгеріс енгізіп берген. Бұл қызметі үшін судья 2 млн теңге мөлшерінде пара алған. Сондықтан 4 жылға бас бостандығынан айрылды. Ал екіншісіне 20 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Бірақ Қылмыстық Кодекстің 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.
Динара Жарқынбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы облысында пара алған судья 4 жылға сотталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/192883/)