Газадағы Рафах босқындар лагерінің тұрғындары аптап ыстыққа шыдамай теңіз жағасына жаппай кетіп жатыр. Палестиналықтардың айтуынша, олар тұратын шатырлардың ішіндегі температура 50 градусқа дейін көтерілген. Дегенмен, теңізде көрінген израильдік катерлер босқындарды қатты үрейлендіреді.
Айта кетсек, Газада соғыс қазанның 7-де басталды. Содан бері Израиль әскерінің шабуылдарынан 34 мыңнан астам бейбіт тұрғын мерт болған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Газада 50 градус ыстыққа шыдамаған босқындар теңіз жағасына кетіп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/192910/)