Қытайдың Гуандун провинциясында нөсер жауын тоқтамай жауып тұр. Бұған қоса екпінді жел тұрып, айналадағы заттарды ұшырған. Толассыз жауын тұрғындарды тасқыннан құтқару жұмыстарына кедергі келтіріп жатыр. Өңірде алапат тасқын сәуірдің 18-де жайлады. Су апатынан 4 адам қаза тауып, 11 тұрғын жоғалып кеткен. Ел экономикасына миллиондаған доллар шығын келді. Ауа райы болжамына қарағанда, жаңбыр мұнда сәуірдің соңына дейін жалғасады.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қытайдың Гуандун провинциясында нөсер жауын қайта құйды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/192925/)