30-шы сәуір, алғаш рет 10 республикалық телеарнаның тікелей эфирінде «Біз біргеміз» жалпыұлттық телемарафоны өтеді. Телемарафонның басты кейіпкерлері – табиғи апат кезеңінде өз өмірі мен денсаулығын қауіп-қатерге тіге отырып қызметі мен азаматтық борышын абыроймен атқарған қазақстандықтар болады. Сондай-ақ ресми орган өкілдері өңірлердегі мемлекет қабылдап жатқан шаралар туралы есеп береді. Телемарафон «Qazaqstan», «Хабар», «Jibek Joly», «Еуразия», «КТК», «31 арна», «Atameken Business», «Astana», «7 арна» және «Almaty » телеарналарының 5 сағаттық тікелей эфирінде көрсетіледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Біз біргеміз» жалпыұлттық телемарафоны 30 сәуірде өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/193005/)