Солтүстік Қазақстан облысындағы тұрғын үйлерді қалпына келтіруге Kaspi, Kazakhmys және KAZ Minerals акционерлері мен басшылары 60 млрд теңгеге дейін қаражат бөледі. Мұны аталған өңірге барған Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев айтты.
Компания басшылары да аймаққа барып, тұрғындармен кездесті. Су тасқыны басталғалы облыстағы 4 мыңға жуық үйді су басқан. Саяжай аумағы да айтарлықтай зардап шекті. 6 мың 597 учаскеге су жайылған. Облыс әкімдігінің мәліметінше, су басқан тұрғын үйлердің 40 пайызы тұруға жарамсыз болуы мүмкін. Үйсіз қалғандар жатақханада уақытша тұрып жатыр. 3 мың 383 отбасы 100 АЕК көлемінде бірреттік жәрдемақы алды. 1600-ден астам отбасына 600 миллион теңге қосымша төлем қарастырылған.
Торғын Мелісқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Су тасқыны: 3 ірі компания тұрғын үйлерді қалпына келтіруге 60 млрд теңгеге дейін бөледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/193012/)