Осы солтүстік және оңтүстік өңірлерінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай ойнап жаңбыр жауады, оңтүстіктің таулы аймақтарында қар аралас жауын-шашын болады. Қазгидромет мамандары болжамына сай әсіресе Жамбыл облысының шығысында түнде үсік жүреді. Еліміздің батысы, шығысы, орталығына антициклон әсерімен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Атырау облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, Абай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еліміздің бірнеше өңірінде қатты жауын-шашын болуы мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/193048/)