Түркістан облысының Келес ауданында балабақшалардың тәрбиешілері бүлдіршіндерге қол жұмсаған. Кейбірі тіпті баланы еден жуғышпен ұрған. Мұндай заңбұзушылықты прокурорлар тексеру кезінде анықтады. Мектепке дейінгі мекемелерде сондай-ақ, тәрбиешілердің балаларды шымшып, ұратыны және қараусыз қалдырып, ұйықтап жататыны белгілі болды. Қазір аудандағы 4 балабақшаның тәрбиешілеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оларға балаларды ұрып-соқты деген айып тағылды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, күдіктілердің ісі сотқа жіберілді.
Айнұр Ақбаева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркістан облысында балабақша тәрбиешілері бүлдіршіндерге қол жұмсаған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/193129/)