Президент жарлығымен Бағдат Мусин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылды. Ол бұл қызметке 2020 жылдың қыркүйегінде тағайындалған. Бұған дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар орталығы», «Қазпошта»-ның басқарма төрағасы, Президенттің кеңесшісі сынды түрлі лауазымды қызметтерді атқарды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бағдат Мусин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/193181/)