Атырау облысындағы Индер және Махамбет аудандарында жаға бекіту жұмыстары аяқталды. Батыс Қазақстаннан келетін нөпір су алдымен Индерден өтіп, Махамбетке жетеді. Содан соң Атырау қаласына келеді. Қауіптің алдын-алу мақсатында Махамбетте биіктігі 2,5 метр болатын 65 шақырым, Индерде 4,5 метрден 30 шақырым бөгет салынды. Жұмыстарға 3 мыңға жуық адам мен 300-ден астам техника жұмылдырылған. Жайықтан келер қауіп әлі де сейілмей тұр. Су деңгейі тәулік сайын көтеріліп жатыр. Бүгін Индерде бірден 32 см-ге көтеріліп, гидробекеттегі деңгей 7 метр 50 смге жетті. Ал Махамбетте 8 метрге жуықтады. Атырау қаласында 8 см-ге көтеріліп, 459 см-ге жетті. Қауіпті деңгейге 90 см қалды.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Махамбет ауданында жаға бекіту жұмыстары 100 пайызға аяқталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/193207/)