Астана әуежайы түнде рейстерді қабылдамайды. Себебі, ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Осыған орай, 1 мамырдан бастап Астана халықаралық әуежайында түнгі сағат 22:00-ден 6:00-ге дейін ұшақтарды қабылдау және ұшу тоқтатылды. Қазір рейс кестелеріне өзгерістер еніп жатыр.
Айта кетейік, елорда әуежайы күн сайын 200-ден астам рейске қызмет көрсетеді. Оның ішінде 100-ге жуығы түнгі рейстер. Енді олардың барлығы тәуліктің күндізгі уақытына ауысады.
Самал Қабышева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астана әуежайы түнде рейстерді қабылдамайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/193209/)