Атырауда жедел жәрдем қызметінің фельдшерін соққыға жыққан 20 жастағы күдікті ұсталды. Ақпаратты облыстық полиция департаментінің өкілдері растады. Оқиға 1 мамыр күні түнгі сағат 3:40 шамасында болған. Наркологиялық тексеру нәтижесінде күдіктінің мас екені анықталған. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырауда жедел жәрдем қызметкерін соққыға жыққан&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/193239/)