Атырау облысы Құлсары қаласында тасқыннан зардап шеккен 762 үй техникалық зерделеуден өтті. 922 үйге бағалау жұмыстары жүргізілді. Қазір 4 ауыл және Автожолшылар ықшам аудандарында 12 бригада шығындарды есептеп жатыр. Тұрғындарға пәтер жалдау және басқа да қажеттіліктері үшін 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде көмек беріліп жатыр. Бүгінге дейін 3 657 азаматқа 1 млрд 350 миллионнан астам қаражат төленген. 15 мамырға дейін бүлінген нысандарды бағалау жұмыстары аяқталады.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Құлсарыда тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға 1 млрд 350 млн теңге көмек берілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/193292/)