Қазақстандықтардың жеке куәлігіне өзгеріс енгізілуі мүмкін. Құжаттың жаңа дизайны ашық үкімет порталына орналастырылған. Енді жаңа куәліктердің беткі жағына Қазақстан Республикасы азаматының фотобейнесі, қолы, аты-жөні, туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірімен қатар жынысы жазылады. Ал артқы бетіндегі ақпараттар сақталады. Тек Қазақстан Республикасы азаматының ұлты жеке куәлігі иесінің қалауы бойынша көрсетіледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстандықтардың жеке куәлігіне өзгеріс енгізілуі мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/193316/)