Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысында жарыссөз екінші күн қатарынан жалғасты. Кеше мемлекеттік айыптаушылар мен жәбірленуші және оның адвокаттары сөйледі. Бүгінгі отырыста сотталушы тарап сөз алды.
Сондай-ақ, жарыссөзге Бишімбаевтың анасы қатысып, болған жайт үшін кешірім сұрады. Байжановтың жары алғаш рет сотта сөз сөйлеп, жолдасы қылмыстың құрбаны болғанын айтты. Сондай-ақ, сотталушы Қуандық Бишімбаев жәбірленуші тараптан кешірім сұрады. Енді соңғы сөз айыпталушы Байжановқа берілмек.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қуандық Бишімбаевтың ісі: Жарыссөздің екінші күні&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/193321/)