Қостанай облысының Жангелдин ауданында жаңа тұрғын үйлердің құрылысы басталды. Бұл үйлер тасқын кезінде баспанасы құлап далада қалған тұрғындарға беріледі. Қазір олардың бірқатары көмек ретінде жеткізілген киіз үйлерді, енді бірі туған-туыстарын паналап жүр. Әзірге құрылыс екі ауылда жүріп жатыр. Соның бірі Тәуіште – 22 үй, Көлқамыста 19 үй салынады. Баспана құрылысын барынша қысқа мерзімде аяқтау жоспарланып отыр.
Нұрбибі Жабағина, Тәуіш ауылының тұрғыны:
Бізге үй салуға құрылысқа балалар келіп жатыр. Енді осы үйді бізге жылдамдатып салып берсе. Алда осындай апат болмаса екен. Жұмыстарына сәттілік тілейміз. Жақсы жыл болсын дейміз.
Дәуренбек Әбдібек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қостанай облысының Жангелдин ауданында жаңа тұрғын үйлердің құрылысы басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/193371/)