Әлемнің бірнеше елінде «Өмір қанаты» атты жүгіруден қайырымдылық жарысы өтті. 169 елде өткен шараға 260 мыңнан аса адам қатысқан. Мақсаты - жарақат алған адамдарды аяғына тұрғызуға көмектесу. Сайыстың ерекшелігі - барлық қатысушылар күн демей, түн демей бір уақытта жүгіре бастайды. Биылғы қайырымдылық шарасынан 8 миллион еуродан астам ақша жиналған. Бұл қаражат жұлын жарақатын емдеуге бағытталған клиникалық сынақтарға жұмсалады.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әлемде қайырымдылық жарысына 260 мыңнан астам адам қатысты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/193375/)