Маңғыстауда теңіз жаяу әскеріне 700 сарбаз қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда теңіз жаяу әскеріне 700 сарбаз қабылданды

06.05.2024

Маңғыстауда теңіз жаяу әскерінің құрамына 700 сарбаз қабылданды. Олар Отан алдындағы борышын нөмірі 25-те 744 әскери бөлімінде өтейді. Жауынгерлер казармаға орналасып, әскери бригаданың негізгі нысандарымен танысып шықты. Енді олар 1 ай бойы «Жас жауынгер» курсынан өтеді. Жас сарбаздарға сержанттар мен офицерлер әскери қызметтің қыр-сырын үйретеді. Содан кейін барып, салтанатты түрде ант қабылдайды. Теңіз жаяу әскерлеріне Каспий теңізінің жағалауын қорғау міндеті жүктелген.

Бейбарыс Елешев, қатардағы жауынгер:

Атырау қаласының қарулы күштер департаментінен шақырту келді. Мен мүлдем ойланбастан департаментке барып, өзімнің әскерге деген қызығушылығымды танытып, әскери қызмет етуге деген ниетімді білдірдім. Маған әскери өмір алғашқы күннен бастап ұнады. Ізбасар бауыр, ағаларыма осы әскердегі борышын өтеуге шақырамын.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу