Бүгіннен бастап, негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды. Бұл науқан 14 мамырға дейін жалғасады. Ал, тестілеудің өзі 16 мамырға жоспарланған. Төтенше жағдай режимі жарияланған 6 өңірде, яғни Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелу уақыты ұзартылады. Демек талапкерлерден мамырдың 20-сына дейін өтініш қабылданады. Ұлттық біріңғай тестілеу аталған аймақтағы мектеп бітірушілер үшін 25 мамыр мен 12 шілде аралығында өткізіледі. Тестілеу форматында өзгеріс жоқ. Шекті баллға тоқталсақ: «Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» білім салалары үшін кемінде 75 балл, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» кемінде 70 балл, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» кемінде 60 балл ; ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 65 балл, басқа жоғары оқу орындарына кемінде 50 балл жинау керек.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ҰБТ -2024: Өтініш қабылдау басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/193396/)