Мектепті бітіруші түлектер бүгін бір сәтте ағаш отырғызды. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған «Түлектердің ағаш егуі» эко-челленджіне 180 мыңнан астам оқушы қатысты. Астанадағы мектептердің бірінде өткен шараға Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев келіп, шәкірттермен бірге игі шараға атсалысты. Бас ұстаздың айтуынша, аталмыш эко-челлендж дәстүрлі шараға айналады. Жоспар бойынша бүгін барлық елім беру мекемесінің алдына 50 мыңнан аса көшет отырғызады.
Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:
Бұл жалпы бір реттік іс-шара емес. Әрі қарай да жалғасын табатын, елімізді көркейтуге оның тазалығын сақтауға, бүкіл жастардың бойында керемет экологиялық мәдениет қалыптастыруда ұстаздармен бірге керемет жұмыс бастап кетті.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бітіруші түлектер ағаш отырғызды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/193398/)