Жолда жүру ережелеріне қатысты жаңа өзгеріс күшіне енді. Бұдан былай бір жолақты жолда, көлікті басып озғандар жарты жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырылады. Бір жолақты жол дегеніміз – сіздің және қарама-қарсы бағытта жүретін көліктің жолы. Осы сәтте, сіздің алдыңызда келе жатқан көлікті озып кетуге болмайды. Сондай-ақ, бүгіннен бастап қоғамдық көлік жүретін арнайы жолақта автобус ғана жүрмейді. Жолаушылар орындығының саны 8-ден жоғары болған көліктерге де рұқсат берілді.
Азамат Бейбітұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жолда жүру ережесіне бірқатар өзгеріс енгізілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/193408/)