Шахтадағы үлкен апаттың алдын алған электр-слесарьге награданы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекбаев табыстады. Естеріңізге салайық, 2 мамыр күні «Qarmet» акционерлік қоғамының Костенко атындағы шахтасында конвейер лентасы бықсып, түтіндеді. 200-ге жуық кенші шұғыл эвакуацияланды. Қауіп-қатерге қарамай 800 метр тереңдіктегі ақауды жөндеген Айбар Қосанов апаттың алдын алды. Егер 10-15 минутқа кешіккенде өрт шығатыны анық еді дейді ол.
Айбар Қосанов, ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «Еңбек даңқы» орденінің иегері:Өшіру керек болды. Барған кезде түтін болып жатты. Екі өрт сөндіргішті алып, дереу сөндіруге кірістім. Отты өшіріп, артқа қайттым.
Жандос Бақытұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Өрттің алдын алған қарағандылық Айбар Қосанов «Еңбек даңқы» орденімен марапатталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/193436/)