Астанада электр энергия құны арзандайды.Бірақ, тек кәсіпкерлерге ғана.
1 маусымнан бастап бизнес өкілдері үшін жарық 18 пайызға арзандады. Ұлттық экономика министрлігінің мәлімдеуінше, «Астанаэнергосбыт» компаниясы заңды тұлғалар үшін электр қуатының тарифін түсірді. Қолданысқа енетін тариф 1 кВт/сағатына 38 теңге 35 тиыннан - 31 теңге 45 тиынға төмендейді. Яғни, 6 теңге 9 тиынға арзандайды.
Қанат Құлназаров, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы:Бұл тариф барлық кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты болады. Яғни, ірі, шағын және орта бизнес өкілдері де осы бекітілген тариф құнымен төлейді. Сондай-ақ барлық кәсіпкерлік субъектілеріне бірыңғай тариф жүйесі енгізіледі.
Самал Қабышева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астаналық кәсіпкерлерге электр энергия құны арзандайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/193437/)