Бүгін Ресей президентін ұлықтау рәсімі өтті. Владимир Путин осымен 5-мәрте мемлекет басшысы лауазымын атқармақ. Ол Ресейді 6 жыл, яғни 2030 жылға дейін басқарады. Кремльде өткен салтанатты рәсімге Еуроодақ елдерінен Франция, Венгрия және Словакия елшілері қатысқан. Ресейде президент сайлауы наурыздың 15 мен 17-сі аралығында өтті. Елдің орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Владимир Путин сайлаушылардың 87.25 пайыз дауысын жинаған.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Путин Ресей президенті лауазымына ресми түрде кірісті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/193447/)