Ресейдің бірнеше өңірінде қалың қар жауып, кей аймақтара төтенше жағдай режимі енгізілді. Мәселен, Свердлов облысына 20 жылда жаумаған қалың қар түсті. Мұнда бір тәулік ішінде айлық жауын-шашын нормасының жартысы жауған. Салдарынан, 24 елдімекенде 74 мыңнан астам тұрғын жарықсыз қалды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Екатеринбургте бір тәулікте 40 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Ленинград облысында да, қалың қардың салдарынан жолдар жабылып, көлік қозғалысы шектелді. Ел астанасы Мәскеуде де екі күн қатарынан күн күрт суытып, қар жауды.
Индира Бегайдар
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ресейдің бірнеше өңірінде қалың қар жауды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/193517/)