Әзірбайжан-Армения келіссөздері: «Алматы - маңызды, символикалық алаң» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әзірбайжан-Армения келіссөздері: «Алматы - маңызды, символикалық алаң»

10.05.2024

«Алматы - маңызды, символикалық алаң». АҚШ Әзірбайжан-Армения келіссөздеріне байланысты Қазақстан бастамасын құптап осындай баға берген.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәлімдемесін Әзербайжандық Тұран агенттігі таратты. Онда «Біз Қазақстанның тараптарды қабылдау туралы ұсынысын құптаймыз» делінген. Осылайша екі елдің сыртқы істер министрлері ақпан айындағы Берлин келіссөздерінен кейін алғаш рет кездесіп жатыр.

Мемлекеттік департамент «екі елдің тезірек бейбіт келісімге келгені өңір игілігі үшін маңызды» екенін айтқан. Сондықтан Баку де, Ереван да бейбіт шартқа қол қою бағытында жұмыс істеуі тиіс.

Сондай-ақ, АҚШ өткен айда тараптардың шекараны делимитациялауда 1991 жылғы Алматы декларациясын негіз ретінде алуға келіскені құптарлық қадам екенін атап өткен. «Бұл- берік және лайықты бейбіт келісім жасасу жолындағы маңызды қадам» деп бағалаған.

Жалғас Сәдібекұлы


Хабарламаларға жазылу