Санкт-Петербург қаласында жолаушылар автобусы өзенге құлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Санкт-Петербург қаласында жолаушылар автобусы өзенге құлады

10.05.2024

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында жолаушылар автобусы өзенге құлап, батып кетті. Қоғамдық көлік көпір үстінде ең алдымен екі жеңіл машинаны соғып, содан кейін қоршауды бұзып өтіп, суға түсіп кеткен.

Елдің Ішкі істер министрлігінің жергілікті басқармасының мәлімдеуінше, автобуста 20 адам болған. Автобусты басқара алмаған жүргізуші тұтқынға алынған. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған. ТАСС агенттігінің дерегінше, апаттан 3 адам қаза тауып, төртеуі клиникалық өлім жағдайына жатыр. Тағы екеуі - ауыр халде. Құтқару операциясына 18 техника мен 70-ке жуық адам тартылды

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу