Ауғанстанның Бағлан провинциясын жайлаған су тасқынынан 151 адам қаза тапты, Мұны елдің Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Табиғи апаттан 135 адам жараланған. Өңірде дамылсыз нөсер жауын жауды. Үйлерге, тұрғындардың дүние-мүлкіне зақым келген. Тасқыннан зардап шеккен аудандарға құтқару бригадалары азық-түлік пен басқа да қажетті көмек жеткізді.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ауғанстанда тасқын құрбандарының саны 150-ден асты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/193570/)