Солтүстік Қазақстан облысында 3,5 млн текше метр су сорылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында 3,5 млн текше метр су сорылды

13.05.2024

Тасқын басталғалы Солтүстік Қазақстан облысында 3,5 млн текше метр су сорылды. Бұл жұмысқа 600-ден астам маман, 200 арнайы техника мен 95 мотопомпа жұмылдырылған. Бірнеше облыстан көмекке барған құтқарушылар тәулік бойы кезекшілік атқарып жатыр. Өңірде 4 мыңға жуық үй мен 6500-ден астам саяжай учаскесін су басқан еді. Тасқын деңгейі күн сайын төмендеп, жағдай тұрақталып келеді. Дегенмен 113 баспана әлі де суда тұр. Қазір жылжымайтын мүлікті бағалау жұмыстары жүріп жатыр.

Мұрат Қанғожинов, СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

Қазір негізгі күш тасқын болған аймақтарда су сору жұмыстарына жұмылдырылған. Қызылжар ауданындағы Тепличное ауылы, Петропавл қаласының Былғары зауыты, Ойқала шағын аудандары басты назарда. Су кеткен көшелердің тұрғындары үйлеріне барып, пеш жағып, терезелерді ашып, баспаналарын өздері кептіріп жатыр.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу