Қызылордада үшінші қабаттан құлаған балалар аман қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада үшінші қабаттан құлаған балалар аман қалды

13.05.2024

Қызылордада екі бала ойнап жүріп үшінші қабаттың балконынан құлап кетті.

Алты жасар ұл мен жеті жасар қыз бала түрлі дене жарақатымен қалалық ауруханаға жеткізілді. Қазір жасөспірімдердің жағдайы бір қалыпты, өмірлеріне қауіп жоқ дейді дәрігерлер. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары көпқабатты тұрғын үй тұрғындарына кішкентай балаларды пәтерде қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу