Үкімет балаларды қауіпті ауруларға қарсы иммундау үшін қаржы бөлді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет балаларды қауіпті ауруларға қарсы иммундау үшін қаржы бөлді

13.05.2024

Үкімет балаларды қауіпті ауруларға қарсы иммундауға 5,8 миллиард теңгеден астам қаржы бөлді. Премьер-Министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды. Мақсат еліміздегі эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстап, балаларды түрлі кеселден қорғау. Денсаулық сақтау министрлігі жүргізген талдауы көрсеткендей, Қазақстанда екпе алмаған 800 мыңнан астам бала бар. Енді оларға көкжөтел, қызылша, қызамық, сіреспе, полиомиелит сияқты қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы иммундау жүргізіледі. Қаражат облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың әкімдіктеріне вакцина мен шприц сатып алуға аударылады. Сондай-ақ, министрлік өкілдері екпе алуды қажет ететін инфекциялармен сырқаттандардың көбейгенін айтады. Науқастардың көбі вакцина салдырмаған деді.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу