Канадада мыңдаған гектар орман алқабы өртеніп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канадада мыңдаған гектар орман алқабы өртеніп кетті

13.05.2024

Канаданың батысында орман өрті 8 мың гектар аумаққа тараған. Сондықтан ел үкіметі Британдық Колумбия аймағының тұрғындарына көшу туралы бұйрық берді. Соңғы мәліметке қарағанда, тілсіз жау үйлерге жақындап қалғандықтан, 3500-дей адам эвакуацияланды. Қазір Альберта провинциясында да орман өрті қаулап барады. Сол себепті мұнда да халыққа көшуге әзірленуге кеңес берілген. Жергілікті синоптиктердің хабарлауынша, күн тағы ысып, өрт қаупі күшеюі мүмкін.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу