Жайық өзенінің Теректі ауданы тұсынан 7 адам құтқарылды. Өзен бойымен жүзуді жоспарлаған адамдардан эвакуациялау туралы хабар түскен. Оқиға орнына облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағы мен 12-ші өрт сөндіру бөлімшесінің күш құралдары барған. Құтқарушылар дронның көмегімен Сәуір жары туристік аймағынан 7 адамды тауып, қауіпсіз жерге шығарды. Олар балықшы болып шықты. Қайықтарын ағын алып кетіп, жағалауға өз беттерімен жете алмай қалған. Жалпы облыс бойынша төтенше жағдай режимі сақталып отыр.
Ардақ Мұратқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жайық өзенінің Теректі ауданы тұсынан 7 адам құтқарылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/193655/)