Үндістанның Мумбай қаласында билборд құлап, 14 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанның Мумбай қаласында билборд құлап, 14 адам қаза тапты

14.05.2024

Үндістанның Мумбай қаласында оқыс оқиға болды. Күшті желден көшеде ілініп тұрған билборд құлап, 14 адам қаза тапты. 74 адам жараланды. Алып билборд тұрғын үйлер мен жанармай станциясына құлаған. Екпінді жел ағаштарды тамырымен жұлып, жолда қарбалас туған. Электр желілері үзілген. Бұған қоса, қалада нөсер жауын жауып, құмды дауыл тұрды. Табиғи апаттың салдарымен күреске полиция мен өрт сөндірушілер тартылған.

Арай Төлеген


Хабарламаларға жазылу