Ақтауда 6 құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды. Олар құрылыс талаптарын өрескел бұзған. Былтыр құзырлы мемлекеттік орган сотқа 35 талап-арыз беріп, соның 33-і қанағаттандырылды. Сөйтіп, 5 ғимарат сүрілді. Қалған нысандар да сот шешімімен бұзылатын болды. Құрылыспен айналысатын тағы 5 мекеме лицензиясынан өз еркімен бас тартқан. Техникалық қадағалаушы мекемелерге қатысты да заңбұзушылықтар анықталып отыр.
Аягөз Оралбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтауда 6 құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/193661/)