Шығыс Қазақстанда коммуналдық мекемелерде техникалық маман тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда коммуналдық мекемелерде техникалық маман тапшы

14.05.2024

Шығыс Қазақстан облысындағы коммуналдық мекемелерде білікті техникалық маман тапшы. Әсіресе жоғары санаттағы дәнекерлеуші, стольяр, электрмен жабдықтаушы, трамвай және автобус жүргізушісін табу қиын. Қазір қалада бұл салада еңбек етіп жүрген мамандардың орта жасы алпысты алқымдаған. Сондықтан Өскемен қаласындағы мәнсап орталығында жаңа жоба іске қосылды. Техникалық колледждің жоғарғы курс студенттерін кәсіпорындарға жастар практикасы арқылы жұмысқа орналастару қолға алынды. Осының негізінде бірнеше кәсіпорын 20 жас маманмен келісім шарт жасасты. Жыл соңына дейін тағы 40 адам жұмысқа тартылмақ.

Арайлым Есембекова, Өскемен қалалық мансап орталығының директоры:
Бұл жобаның ұтқырлығы мансап орталығынан бір жалақы алса, мекемеде жас маман ретінде екінші жалақаны алады. Сол кезде жастарды қызықтыратындай еңбекақы ұсына аламыз. Осы арқылы жастарды көптеп кәсіпорындарға жұмысқа орналастыра аламыз. Екіншіден, диплом алған жастар жұмыссыз қалмайды.
Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу