Мексикада 50 градус ыстық тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мексикада 50 градус ыстық тіркелді

14.05.2024

Мексикада адам төзгісіз аптап ыстық орнады. Елдің орталық бөлігінде сынап бағанасы + 50 градусты көрсеткен. Күннің шыжуынан елдің энергетика жүйесіне ауыр салмақ түсті. Электр қуатын беру бірнеше сағатқа тоқтаған. Бұған қоса, мектептерде сабақ доғарылды. Қала көшелерінде адамдар қолшатыр ұстап, басына қалпақ киіп немесе бассейнге түсіп, күннен барынша қорғануға мәжбүр. Онсыз да қуаңшылықтан қиналып, су дағдарысына тап болған елге аптап ыстық ауыр соққы болды.

Арай Төлеген


Хабарламаларға жазылу