Қостанайда тұтынушы берешегі 2 млрд теңгеге жуықтаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда тұтынушы берешегі 2 млрд теңгеге жуықтаған

14.05.2024

Қостанайда тұтынушылардың жылу мен ыстық суға қарызы 2 млрд теңгеге жуықтаған. Мұның ішінде 843 млн теңге жеке адамдардың берешегі болса, 900 млн теңгеге жуығы заңды тұлғаларға тиесілі. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 26 пайызға артық, дейді мамандар. Енді коммуналдық қызмет көрсетуші компания қарызды өндіру үшін сот орындаушыларға жүгінбекші.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу